Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары мен маңыздылығы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары мен маңыздылығы
15
сентябрь
2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары мен маңыздылығы

Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп - лицейі
Мектеп ұжымымен өткізілген жиналыс
ХАТТАМАСЫ

Уақыты 13.09.2019
Акт залы
Қатысқандар:
1.Ш.М.Құдайбергенов – мектеп директоры
2.Қ.М.Әмірова - директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
3.Б.Қауметова – директордың әдістемелік ісі жөніңдегі орынбасары
4.Қ.Ж.Қуанышбаев – директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
5.Е.Ибраев – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
6.Л.Ж.Ирсимбетова – педагог – ұйымдастырушы
7.Б.Абдрахманова – мектепішілік «Нұр Отан» ХДП ұйымы хатшысы
8.М.Айтболатова – мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы
9.А.Нұғыманова – педагог-психолог
10.Мектеп ұжымы: ұстаздар және тех.қызметкерлер

Күн тәртібінде:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басымды бағыттары мен маңыздылығы

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов ұжым мүшелеріне жиналыстың күн тәртібін хабарлап, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық қоғамда өзекті мәселе боп тұрғаның айтып кетті. Сөз кезегін баяндамашы, директордың әдістемелік ісі жөніңдегі орынбасары Б.С.Қауметоваға берді.
Сөз кезегін алған Б.Қауметова өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың Халыққа Жолдауы және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы негізінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті. Сондай-ақ Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық әрекеті үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын қызметінен босату институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілерді сараптамадан өткізуді қайта қалпына келтіру, мемлекеттік қызметшілердің заңсыз баюы, кіріс және шығыс декларацияларын жариялау жауапкершілігі жөніндегі шаралардың маңыздылығына назар аударды.
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Әрі қарай баяндаманың мәтіні оқылды.
Бандамашыға сұрақтар беріліп, оның барлығына да толық жауап қайтарылды.
Осы мәселеге қатысты мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов: - Мектебімізде ақша жинауға болмайтыны, ата-аналардан және оқушылардан бағалы сыйлықтар алуға қатаң түрде тыйым салынатының айтып, ескертіп кетті. Егер де жоғарыдағы айтылған мәселе бойынша фактілер анықталса заң алдында жауап беретінің айтып өтті.
Сөз соңында жиын қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1424.kz порталының, 1424 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.
Осы мәселе бойынша сөзді мектептің кәсіподақ ұйымының хатшысы Р.Орынбекова алып, ол өз сөзінде қазіргі уақытта мемлекетімізде қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы, сыбайлас жемқорлық бойынша заң алдында жауапқа тартылып жатқан шенеуліктер туралы мағлұматтар беріп кетті.
Жарыс сөзге мектеп психологы А.Нұрланбекова, құқық пәнінің мұғалімі Г.Нұрахметова, мектепішілік кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Айтболатова шығып, мектепішілк «Нұр Отан» ХДП хатшысы Б.Абдрахманова өз ойларын ортаға салды.
Жиналыс төрағасы Ш.М.Құдайбергенов қаралған мәселені қорытындылай келе бұл жиынның маңыздылығына тоқталып, болашақта нысана ретінде қабылдайтынымызға тоқталды.


Хатшы А.Садуақасова