28
октябрь
2021
Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды
2021 жылдың 27 қазан күні мектебіміздің кітапханашысы М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен ағартушы-ұстаз, жазушы Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Қостанай қаласындағы орналасқан Ы.Алтынсарин мемориалды-мұражайына онлайн саяхат ұйымдастырылды. Телекөпірге 6ғ -6в сынып оқушылары офлайн және 6а,ә,б,г сыныптары онлайн түрде қатысты. Шара барысында 6ғ сынып оқушылары Ыбрай атамыздың өлеңдерін жатқа оқып берді. Сондай-ақ кері байланыс беріліп, қатысушылар мұражай қызметкеріне алғыстарын білдіріп жатты. Школьникам және ұстаздарға кітапхана тарапынан кітаптар сыйға тартылды.
Мақсты: Ы.Алтынсариннің өнегелі өмірі, қазыналы шағармаларымен виртуалды мұражай арқылы таныстыру. Мұражайдағы әр жәдігермен таныстыра отырып, қабылдау түйсіктерін, болмыстарын түсіне білуге ықпал ету. Ой-өрістерін кеңейтіп, жан-жақты дамыту.