«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
31
май
2021

«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»

Мектебімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты келесі іс-шаралар өткізілді.
Мектебіміздің кадет сыныбы оқушылары және АӘД пәнінің мұғалімдері Б.Мустафинов пен Қ.Қамза қаламыздағы орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Жоғары сынып оқушыларымен «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» тәлім сағаты өткізілді. Сондай-ақ Алаш ардақтысы - Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйіне және «АЛЖИР» мұражайына виртуалды саяхат ұйымдастырылды.
Өткізілген шаралардың басты мақсаты: Қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.