"Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
19
апрель
2021

"Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы"

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 2021 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мария Данабатшақызы Ботаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушылары арасында Сара Тастанбекқызының шығармашылығына арналған "Жетісудың Сарасы – бар қазақтың дарасы" атты танымдық-саяхат сабақ өткізілді. Онлайн барысында жыр сүйер оқушыларымыз ақынның өлеңін жатқа оқып берсе, кітапханшымыз библиографиялық шолу жүргізді. Ал негізгісі Ақын Сараның мемориалдық мұражай үйінің қызметкері Алмагул Мырзахметқызы Сапарова аталмыш мұражайға онлайн саяхат жүргізді. Шара соңында музыка пәнінің мұғалімі Гүлден Мұқанқызы мен оқушылар "Өзім туралы" әнің орындады.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді сүюге, Атамекен тарихымен, туған жер топырағын ата - баба сүйегі жатқан қасиетті өлке тарихын, мәдени орындарды танып білуге баулу, ескерткіштермен таныстыру. Тарихи мұраларды өткеннің шежіресі деп құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Оқушылардың ой-өрістері мен білімдерін жетілдіру.Оқырмандарды қазақтың белгілі ақын қызы Сара Тастанбекқызының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, өнерін насихаттау.