«Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
апрель
2021

«Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға»

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектебімізде 5 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік табыстырған нар тұлға» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында белгілі спортшы, таеквондодан қара белбеу 6-шы дан иегері, ҚР Таеквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Өзтүріктің спорттағы жетістіктері мен еңбек жолы туралы айтылды.


Мұстафа Кәбенұлы Өзтүрік - 23.11.1954 жылы Түркия елінде, Кайсери қаласы манындағы Мұсаходжалы ауылында дүниеге келген.
Мұстафаның әкесі Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жер иіскемеген атақты палуан болған. Найман тайпасының байжігіт руынан
Бала Мұстафа өте зерек, алғыр болып өседі.
Бар болғаны 16 жасында Ыстамбұл қаласындағы мектепті аяқтап, арнайы жолдамамен Тайваньға оқуға аттанады. Бұл әлем¬нің түкпір-түкпірінен талантты балаларды жинап, оқытқалы жатқан эксперименталды оқу орны еді. Ешбір ақысыз, емтихансыз оқуға түскен
• 1975—1980 жж. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайваньда алды. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Таеквондо – «аяқ-жұдырық-рух» – дегенді білдіреді
Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.
• 1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін Германия мен Түркияда қалады.
• 1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.
• Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.
• 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.
• Мұстафа Өзтүрікке арнап Бес¬ағаш ауылында ескерткіш бой көтерді. Оны жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков 2004 жылы өз қаражатына жасатқан.
Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады. Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленді.