"Туған елге мың алғыс" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2021

"Туған елге мың алғыс"

2021 жылдың 23 ақпан мен 1 наурыз күндері аралығында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған "Туған елге мың алғыс" атты апталық жүргізілді. Апталық аясында барлық сыныптарда тақырыптық тәрбие сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптар арасында "Тілге құрмет - елге құрмет" тақырыбнда эссе жазу ұйымдастырылды. Сонымен қатар "Ақ халатты абзал жандарға мың алғыс", "Ата-анам - алтын тұғырым", "Ұстаздарға мың алғыс" және "Үлкен ел - үлкен отбасы" тақырыптарында видео челлендждер жүргізілді. Ал бастауыш сынып оқушылары арасында тақырыптық сурет салу ұйымдастырылды. Сондай-ақ көмекке мұқтаж отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетілді. Аталмыш күннің басты мақсаты: Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы — еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Сондай-ақ ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; - үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту; - әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болып табылады.