Сенімнен шығу серт болсын! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
21
май
2020

Сенімнен шығу серт болсын!

Әріптестеріме дән ризамын. Жалпы, мұғалімдер қауымы қандай да болсын қалыптасқан жағдайға тез бейімделеді ғой. Оның астарында бұл мамандық иелерінің зор жауапкершілігі және жанкешті еңбектері жатыр. Қашықтықтан оқытуға да олар үлкен жауапкершілікпен келді. Мектеп бойынша алғашқы күні І-кезектегі 617 оқушының 605-і, ІІ-кезектегі 470 оқушының 456-ы алғашқы сабақтарға қатысты. Ата-аналар атынан бірнеше жылы лебіздер түсті. Оған бір мысал:7 «Б» кадет сынып ата-анасы Шлембаева Бибігүл мұғалімдерге деген ілтипатын: «Бұл мамандық иелерінің еңбекқорлықтарына тағы бір мәрте тәнті болдым» деп жазды. 9 «А» сынып ата-анасы М. Мықтыбаева: «Бүгінгі күннің ерлерінің қатарына дәрігерлер, полицейлермен қатар мұғалімдерді де қосуға тура келер. Бұл науқанға дайындықсыз келген олар өздерінің төзімділіктері мен мамандықтарына деген адалдықтарын көрсетіп жатыр» деп жазады.
Иә, министр мырзаның сенімінен шығуға серт байласқан олар бұл істе де тұтасқан ұйымшылдықтарын көрсетіп жатыр.
Б. Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп-лицейінің
орынбасары Б.С Қауметова
Сенімнен шығу серт болсын!
Сенімнен шығу серт болсын!
Сенімнен шығу серт болсын!