23
февраль
2018
Lesson Study зерттеу сабақтары жүргізіліп жатыр
Үстіміздегі жылдың 12 - 28 ақпан күндері аралығында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, "Көкжиек" кәсіби қоғамдастықтың жоспарына сай, педагогтардың кәсіби біліктілігін дамыту мен білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мектебімізде Lesson Study зерттеу сабақтары жүргізіліп жатыр. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді.