19
октябрь
2018
Үстел теннисінен ІІ орын!
Мектебмізде дене шынықтыру және спорт апталығы аясында үстел теннисінен қала мектептері арасында қалалық жарыс өткізілді. Нәтижесінде І орынға №19 мектептің командасы, ІІ орынға алан иелері, №18 мектеп-лицей командасы және ІІІ орынға №14 мектептің командасы ие болды! Ал жекелей сында мектебіміздің 8ә сынып оқушысы Талғат Айжан І орынға ие болды! Мектеп намысын абыроймен қорғап шыққан 9а сынып оқушысы Қайрат Жасұланға, 8ә сынып оқушылары Әбден Дарын мен Талғат Айжанға алғысымызды білдіреміз. Біздің дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбегі жана берсін! Сонымен қатар кіші сыныптар арасында өткен жарыста І орынға №14 мектеп, ІІ орынға №1 мектеп және ІІІ орынға №2 мектептің командасы ие болды. Құттықтаймыз!