11
декабрь
2017
Тоғызқұмалақтан жарыс өтті
Мектебімізде Алматы облысы Тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті, Талдықорған қаласының құрметті азаматы Қозығұлов Бекасыл Қозығұлұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан мектепаралық жарыс өткізілді. Бекасыл Қозығұлұлы талай жылдар бойы осы аталмыш мектеп қабырғасында қала бойынша көптеген шәкірт тәрбиелеген, ұлттық спортымыздың жарық жұлдыздарын жаққан ұлағатты ұстаз бола білді. Осы жарыстың нәтижесінде І орынға Абай атындағы №1 мектептің, ІІ орынға №25 мектептің және ІІІ орынға №18 мектеп пен №17 мектептің оқушылары ие болды.