«Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы»
18
август
2025

«Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы»

18.08.2025 күні мектебімізде «Білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы» тақырыбында мектеп ұжымымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры Жанаберлиева Салтанат Бейсенбайқызы: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күрделі мәселесі екендігін және жемқорлыққа бірлесіп қарсы тұру керектігін айтып өтті.
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз тапсырмасында «Адамдар әлі де жоғары оқу орындарында, колледждерде, тіпті мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Главная мәселе – осы. Осы мәселелер бойынша қоғамдық бақылау тетігі жұмыс жасауға тиіс. Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдарды тартқан жөн. Оларды нормативтік-құқықтық актілерді сараптау ісіне қатыстыру керек» - дегенін алға тартты. ҚР 18.11.2015 жылғы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" туралы №410-V Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың адын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және қабылдау бойынша Әдістемелік ұсыныстарға сүйене отырып мүдделер арасындағы туындалған дауды реттеу жөнінде құрылған Келісім кеңесі жұмысы туралы айтылды. Жиналыс соңында "Мектепте түрлі мақсаттарға ақша жинауға тыйым салу бойынша нақты қағидалар бекітіліп, бұйрық шығарылған. Ол туралы барлық жиналыстарда айтылып жүр. Біз мектепте ақша жинауға тыйым салуға қатысты саясатты қатаң ұстанамыз. Егер ата-аналардан, оқушылардан ақша жинау туралы шағым түссе қатаң шара қолданамыз" - деп, өз сөзін түйіндеді.