Бала батыр марапатталды! » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
13
июнь
2024

Бала батыр марапатталды!

Қаламыздың әкімі Ернат Бәзіл жас спортшылар мен адам жанын ажалдан арашалаған қала азаматтарын қабылдап, өз құттықтауын білдірді.
Солардың ішінде көршілес достарымен өрт сөндіріп, ерлік көрсеткен мектебіміздің 6в сынып оқушысы Есенұлы Мейіржан қала әкімі қолынан марапатқа ие болды.
«Адам өміріне араша түсіп, оған бей-жай қарамай өз өмірін қауіп-қатерге салып, азаматтық танытып жүрген жандардың игі істері әрқашанда құрметке лайық. Осылай ерлік көрсеткен батыр балаларымыздың ата-аналары сіздердің саналы ұрпақты тәрбиелеудегі үлестеріңізге шынайы алғысымды білдіремін. Бейбіт күнде көк туымыз желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деп қала әкімі Ернат Бәзіл есімі аталған барша азаматтарға шынайы алғысын білдірді.