13
январь
2024
"Кітап пен киноның сиқырлы әлемі" атты сайыс өткізілді
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 27.10.2023 күні кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен 6 сынып оқушыларымен "стоп-кадр" әдісі бойынша "Кітап пен киноның сиқырлы әлемі" атты сайыс өткізілді. Нәтижесінде 6а І орынға және 6в ІІ орынға ие болды.
Мақсаты: Оқушылардың сүйікті істері жайлы айтқыза отырып, кино жанрын айыра алуға баулу; Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту; ақпараттық - коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже: Кітап пен кино жанрларының сөздік қорын, ұнату мен ұнатпау туралы түсіну. Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді. Өмірлеріндегі кітаптар мен фильмдер туралы айтады. Тақырып бойынша олар өз арасында диалогтар жасайды. https://www.instagram.com/p/C2BgjK6phn3/?hl=ru
