"Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
29
сентябрь
2022

"Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 2022 жылдың 28 қыркүйек күні кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаеваның ұйымдастыруымен 8сынып оқушылары арасында "Мұхтар Әуезов мұрасы – ұрпақ қазынасы" тақырыпта библиографиялық шолу өткізілді.
Мақсаты:
1. Мұхтар Әуезовтің өмір жолы шығармашылық қызметі жайлы
мағлұмат бере отырып, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі
туралы оқушылардың білімдерін жетілдіру. М.О.Әуезовтің қаламынан
туындаған көркем әдебиет туындылары жайлы білімдерін
қалыптастыру;
2. Әлемге әйгілі, біртуар жазушы, ғасырлық туындының иесі
М.О.Әуезовтің шығармашылығын дәріптей отырып, оқушыларды
елін, жерін сүюге, алдыңғы буын әдебиет өкілдерін құрметтеп,
олардың шығармашылығын терең меңгеріп, ұлттың қамын жейтұғын,
отансүйгіш, ұлтжанды тұлға қалыптастыру барысында, үлкенге
құрмет, кішіге ізет ете білуге тәрбиелеу;
3. Оқушыларды өзіндік ізденіс жұмыстарына баулу, ой-өрісін, рухани
жан дүиесін байыту. Ойын ашық әрі еркін жеткізе білуге
дағдыландыру. Өзіндік ой-пікірін қалыптастыру, сөздік қорын
молайту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, қара
сөзге деген көзқарасын дамыту.