"Суық қару серік емес" » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
11
февраль
2023

"Суық қару серік емес"

«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы N18 орта мектеп – лицейі» КММ

Мектепішілік «Жас Жігер»   ұлдар жиналысының 

хаттамасы № 4


10.02.23  


Қатысқандар:


8,9,10 сынып ұлдары – 120 бала

 ДТЖ орынбасары - Қ.Ж.Қуанышбаев

«Жас Жігер»  ұлдар ұйымының жетекшілері 

АӘД пәнінің мұғалімі Б.Мустафинов

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі С.Балкибеков

Мектеп инспекторы Д.Тұрсынова


Күн тәртібінде:

1. «Суық қару серік емес» - Д.Тұрсынова

2.«Темекі мен насыбай – денсаулық дұшпаны, қоғам дерті» - Қ.Ж.Қуанышбаев


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТЖ орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев күн тәртібіндегі мәселермен таныстырып, сөзді мектеп инспекторы Д.Тұрсыноваға берді.

       Мектеп инспекторы Д.Тұрсынова сөз алып, «Суық қару серік емес» тақырыбында баяндама оқыды. Бүгінде «мектепте оқушылар арасында төбелес болыпты» десе таң қалудан қалдық. Бірден ойымызға «ешкім опат болмады ма екен?» деген сауал оралатын күйге жеттік. Өйткені бүгінгі таңда жастар арасында қатыгездік өршіп барады. Мектеп оқушыларының бірін-бірі қарумен атып салуы, пышақпен орып жіберуі жиі орын алатын болды.

Нақты фактілерге жүгінер болсақ, өткен жылдың қараша айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылында мектеп оқушылары арасында туындаған жанжал оқ атумен аяқталған. 10 сынып оқушысының бірі екіншісін шолақ мылтықпен атып өлтірген. Сол оқиғадан кейін үш мектепке тексеру жүргізген құқық қорғау органы қызметкерлері 8 суық қару тәркілеген. Ал жыл басынан бері оқушылардан 74 ату қаруы алынған.

Ал сол жылы қазан айында Төле Би ауданында жастар арасындағы төбелес соңы қару қолданумен тынған. Нәтижесінде 11 сынып оқушысы басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Тексеру нәтижесінде белгілі болғандай, төбелес Леңгірдегі екі мектеп оқушылары арасында болған кикілжіңнен туған. Полиция өкілдерінің айтуынша, кімнің хақ екенін анықтау үшін кездесуге барған жігіттер, құдды соғысқа бара жатқандай түгелдей қару құрсанып алған көрінеді. Төрт төрттен екі топқа бөлінген сегіз жігітте 7 қару болыпты. Яғни, жігіттер әу бастан-ақ мәселені келіссөзбен немесе жұдырықпен емес, қарумен шешуді көздеп барған.

Құқық қорғау органы мамандарының айтуынша, оқушылар арасындағы төбелестің басты себебі – кім мықты екенін анықтау. Кім мықты болса, сол мектеп оқушыларына үстемдік жүргізеді. Бағынбағандарды ұрып-соғып, күш көрсетеді. Ақша бопсалайды. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, өткен жылдың 9 айында бопсалау әрекеті бойынша 205 қылмыстық іс қозғалғанын екен. Әрине бұл алаңдатарлық жағдай.

Мұндай жағдайдан еліміздің өзге аймақтары да ада емес. Мысалы, өткен жылы Астана қаласындағы мектептердің бірінде 8 сынып оқушысы, өзінің сыныптасының кеуде тұсынан қаламсап тығып мерт қылған еді.

Ал ағымдағы жылдың ақпан айында Ақтауда мектептің екі оқушысы жанжалдасып, ақыры оқ атумен аяқталған. Абырой болғанда, жарақат алған оқушы аман қалған.

Оқушылар арасында оқ ату оқиғасы Алматыда да орын алды. Сәуір айының басында Алматыдағы Жәутіков атындағы мектеп-интернаттың 11 сынып оқушысына көрші мектептің оқушысы оқ атқан.

Бұлар мысал ретінде келтіріліп отырған бірнеше оқиға ғана. Жалпы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың белең алып бара жатқанын ішкі істер министрлігі де жоққа шығармайды.

      "Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 мамырда № 22857 болып тіркелді.

      Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі

      1. Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған нәрселер мен заттар*:

      1) атыс қаруы, оның ішінде травматикалық, газды, пневматикалық, сигналдық, электрлік және құрылымдық жағынан қаруға ұқсас бұйымдар мен олардың құрамдас бөліктері**:

      атыс қаруына тән жеке құрылымдық элементтері мен тетіктері немесе сыртқы белгілері бар, бірақ нысананы зақымдауға арналмаған заттар (құрылыс құралдары, сигналдық құрылғылар, линеметтер);

      зақымдаушы әсері радиоактивті сәулелену мен биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қару мен заттар;

      зақымдаушы әсері электромагниттік, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулеленуді пайдалануға негізделген заттар;

      қаруға оқ-дәрілер және оның құрамдас бөліктері, снарядтар, жебелер;

      жоғарыда аталған қару түрлерін имитациялайтын заттар.

      2) шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оның ішінде:

      барлық түрдегі пышақтар, қырынуға арналған станоктар немесе жүздер (білім беру ұйымдарының аумағындағы орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда), садақтар, арбалеттер, мүйізтұмсықтар, балталар, қылыштар, семсерлер, барлық түрдегі медициналық скальпельдер (оқу процесінде пайдалану жағдайларын қоспағанда), жебелер мен дарттар, арпундар мен найзалар, мұзтұтқыштар, металл жұлдыздар, түйреуіштер, шоқпарлар, таяқшалар, кастеттер, нунчактар;

      білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде, өнеркәсіптік және шаруашылық мақсаттарында пайдалану жағдайларын қоспағанда, шегелерді қағу және болттарды бекіту үшін өнеркәсіптік құрылғылар, шанышқылы немесе кескіш заттар ретінде пайдаланылуы мүмкін өнеркәсіптік құралдар;

       медициналық шприцтер ("Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) № 026/у нысанындағы дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы болмаған кезде).

      3) оқ-дәрілер, жарылғыш және тез тұтанатын заттар, химиялық және улы заттар, оның ішінде:

      жарылғыш заттардың немесе құрылғылардың көшірмелері немесе имитаторлары, аэрозольдық бояулар, скипидар;

      фейерверктер, кез келген нысандағы жарық беретін зымырандар және пиротехникалық құралдар;

      сіріңкелер, оттықтар (білім беру ұйымының аумағында орналасқан жатақханаларда пайдалану жағдайларын қоспағанда);

      құрамында улы және мия тамыры бар газ баллондары (көзден жас ағызатын, бұрыш);

      психикаға белсенді әсер ететін заттар;

      темекі бұйымдары, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, қорқорға арналған темекі, қорқор қоспасы, темекі қыздыруға арналған жүйелер, тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.

      2. Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында пайдаланалуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі*:

      1) оқу сабақтары кезінде (әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда) ақпаратты тасымалдау функциялары бар мобильді байланыс құрылғылары (пейджер, планшеттер, смартфондар***, iPad (Айпад), iPod (Айпод), плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер));

      2) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 026/у нысанындағы дәрігерлік - -консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалған препараттарды қоспағанда, дәрілік препараттар (әскери, арнаулы оқу орындарының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының аумағында пайдалану жағдайларын қоспағанда).

      Ескертпе:

      * білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері үшін;

      ** әскери, арнаулы оқу орындарын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, ғимараттарды күзету, хат-хабарлар мен арнайы жөнелтімдерді жеткізу, тиісті рұқсаты болған кезде күзетілетін адамдарды алып жүру кезінде;

      *** ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) қоспағанда.

           Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Ж.Қуанышбаев «Темекі мен насыбай – денсаулық дұшпаны, қоғам дерті» тақырыбында сөз қозғады. есірткі туралы  мәлімет бере отырып, оның зардабы туралы есірткінің жантүршігерлік зияны жайлы мағлұмат беріп, жастар арасында нашақорлыққа тосқауыл қою жайлы әңгіме   болды. Денсаулыққа залалын тигізетін ішімдік, темекі, нашақорлық сияқты зиянды нәрселерден жастарымыздың бойларын аулақ ұстаулары керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін берді, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты түсіндірді. 

        Қазіргі таңда насыбайдың зияны медицина мамандары тарапынан анықталып отыр. Оның құрамында никотин, синель қышқылы, көмір және сірке қышқылдары, азот, эфир майы және өкпе ісігіне (рак) ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер бар және оған қосылған заттардың улы қосындылары кездеседі екен.   Және жақында ғана Швед елінде арнайы насыбайға жүргізілген зерттеу нәтижесінде, оның құрамында хром, никель, кадмий, қорғасын және  күшән ерітіндісі (мышьяк) шамадан тыс қамтылғандығы анықталды. Мысалы, никель – 5,1 есе, хром – 17 есе, қорғасын – 38 есе көп. Ал күшән ерітіндісі мүлдем болмауы тиіс дейді, бірақ насыбайда ол бар. 

        Қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын  қойып, тұшымды жауаптарын алды. 


Шешімі:

1.Жоғарыда айтылған түсіндірме жұмыстары ескертіліп, айтылған сөздерді әр оқушы дұрыс түсініп, өмір тәжірибесінде іске асырсын.

2.«Жас Жігер» ұлдар ұйымы мектеп бойынша насыбай, темекі немесе басқа да зиянды заттарды қолданып жүрген оқушыларды анықтап жатса мектеп әкімшлігіне хабарласуы сұралады