"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
март
2023

"Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді

2023 жылдың 03 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2023" байқауы өткізілді. Байқау 2 бағытта өткізілді: "Лучший педагог" және "Лучший сынып жетекші". Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Қорытындысында "Лучший педагог" бойынша І орынға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Қараева,  ІІ орынға бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Шағатаева, ІІІ орынға қазақ тілі пәнінің мұғалімі Арай Болысбекова және орыс тілі пәнінің мұғалімі Райгуль Асильбекова ие болды. Ал "Лучший сынып жетекші" бойынша І орынға география пәнінің мұғалімі Айдана Рымова, ІІ орынға математика пәнінің мұғалімі Әсем Сванкулова және ІІІ орынға тарих пәнінің мұғалімі Әйгерім Берліқожанова ие болды. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және мектепішілік кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ендігі кезекте осы байқауда орын алған ұстаздарымыз қалалық байқауда мектеп намысын қорғамақ. Құттықтаймыз!!!
https://www.instagram.com/p/CpdAyOUAAMm/?hl=ru