«Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты үлгілі отбасыларымен кездесу
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» апталығы аясында 22.05.2025 күні Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ерекше тағылымға толы кездесу өтті. Қонағымыз – "Мерейлі отбасы – 2022" байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы, республикалық байқауының жүлдегері, өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген Андастар отбасы болды. 🔹 Андастар отбасы оқушылармен отбасы құндылықтары мен дәстүрлері, отбасылық өнерлері, бірлік пен өзара құрмет жайлы әсерлі әңгіме өрбітті. 🔹