«Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер»
15 мамыр – Отбасы күніне орай мектебімізде «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Бұл іс-шара отбасы мен жақындарымыздың маңыздылығын, бірлігін және дәстүрлерімізді сақтау қажеттілігін насихаттауға бағытталды. Оқушылар өз отбасылары туралы әңгімелеп, құнды кеңестермен бөлісті. Отбасылық құндылықтарды бағалайық, дәстүрлерімізді ұмытпайық!