«Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты үлгілі отбасыларымен кездесу ұйымдастырылды » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты үлгілі отбасыларымен кездесу ұйымдастырылды
23
май
2025

«Әкем-тірегім, анам-жүрегім» атты үлгілі отбасыларымен кездесу ұйымдастырылды

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар үні» апталығы аясында 22.05.2025 күні Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде ерекше тағылымға толы кездесу өтті. Қонағымыз – "Мерейлі отбасы – 2022" байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы, республикалық байқауының жүлдегері, өнегелі өмірімен көпке үлгі болып жүрген Андастар отбасы болды.
🔹 Андастар отбасы оқушылармен отбасы құндылықтары мен дәстүрлері, отбасылық өнерлері, бірлік пен өзара құрмет жайлы әсерлі әңгіме өрбітті.
🔹 Қатысқан оқушыларымыз үлгілі әулеттен мол рухани азық алды.
🔹 Шара өте жылы, шынайы көңіл күйде өтті.
Біз үшін мұндай кездесулер – болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор маңызға ие. Андастар отбасына алтын уақыттарын бөліп келгендері үшін алғысымызды білдіреміз!