«Тіл- бар білімнің кілті» апталығы
05.09.2022 жылы Қазақстан халқы тілдері күніне орай Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл- бар білімнің кілті» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп басшысы мерекемен құттықтап, тілдің басты құндылық екеніне ерекше тоқталып өтті. Іс-шара кезінде ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетіліп, сахналық қойылыммен жалғасты. 11 «Б» сынып оқушысы Данабай Әлібек