«Тіл- бар білімнің кілті» апталығы » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
07
сентябрь
2022

«Тіл- бар білімнің кілті» апталығы

05.09.2022 жылы Қазақстан халқы тілдері күніне орай Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл- бар білімнің кілті» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Мектеп басшысы мерекемен құттықтап, тілдің басты құндылық екеніне ерекше тоқталып өтті. Іс-шара кезінде ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм көрсетіліп, сахналық қойылыммен жалғасты.
11 «Б» сынып оқушысы Данабай Әлібек А.Байтұрсынұлының рөлін сомдап, «Анама хат» өлеңін сахналады. Оқушылар тіл туралы өлеңдерді жатқа оқып, ән мен кдоморындалды. Қазақ халқының біртуар азаматы - Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, мектеп мұғалімдері Абылқас Меруерт пен Жадрашова Айкерім арнау өлеңдерін жолдады.