"Тіл білімінің негізін қалаушы" тақырыбында дөңгелек үстел
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектебіміздің кітапхана меңгерушісі М.Д.Ботаева 8 сынып оқушыларымен "Тіл білімінің негізін қалаушы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шараға директордың орынбасары А.Т.Қалипанова қатысты. Шараның негізгі мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту