13
сентябрь
2022
"Тіл-асыл қазынам" атты ой-көкпар сайысы
06.09.2022 ж."Тіл-бар білімнің кілті" атты онкүндік аясында 6-7-сыныптар арасында "Тіл-асыл қазынам" атты ой-көкпар сайысы өтті. Сайысқа Тіл, Алаш, Арыс атаулармен үш топ қатысты. Сайыс 5 кезең бойынша өткізілді. Осы 5 кезеңде оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Оқушылар және көрермендер үшін ең қызықты кезең "Суреттегі мақал" және "Әуезді ән" кезеңі болды. Оқушылар өздерін осы екі кезеңде өте белсенді көрсетті.






