Материалы за 14.03.2022 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Қолөнер галереясы" ашылды
14
март
2022
"Қолөнер галереясы" ашылды
"Балалар жылы" аясында Наурыз мерекесі қарсанында 2022 жылдың 11 наурыз күні мектебімізде "Наурызға тарту" ұранымен "Қолөнер галереясы" ашылды. Мақсаты: Ұлтымыздың қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
14
март
2022
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2022 жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің АӘДТ пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
14
март
2022
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
2022 жылдың 11 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Байқау бес кезеңнен тұрды: 1 кезең, шығармашылық таныстырылым - "Мен 21 ғасыр мұғалімімін", 2 кезең, сұрақ-жауап "Ой-көкпар", 3 кезең, бейнеролик түсіру "Өз-өзіне режиссер", 4 кезең - Импровизациялық тапсырма "Тәрбие деген