Материалы за 18.04.2018 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
"Жұлдызай" байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтті
18
апрель
2018
"Жұлдызай" байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтті
Мектебімізде үстіміздегі жылдың 18 сәуірінде «Жұлдызай» байқауының облыстық кезеңі болып өтті. Аталмыш сайыс дәстүрлі түрде 13-мәрте ұйымдастырылып отыр. Қам көңіл жандар арасында өтіп жатқан фестивальдің негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. Аталмыш байқауды жеңіп шыққан жеңімпаздар бірінші маусымда ұйымдастырылатын «Жұлдызайдың» республикалық кезеңіне жолдама алды.
"100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" -  облыстық конференция
18
апрель
2018
"100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" - облыстық конференция
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 18 сәуір күні №1, №4 және №18 мектептердің кітапхана меңгерушілерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің кітапханасында "100 жаңа оқулық - Болашаққа бастама" - облыстық конференция өткізілді. Аталмыш шараға Алматы облыстық білім басқармасының бас маманы Айдос Бостан, қалалық білім бөлімінің аға әдіскері Какимбаева Қарлығаш Демесінқызы, аудандардан кітапхана меңгерушілері және №1,4,18 мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты. «Рухани жаңғыру»
Республикадан ІІІ орын!
18
апрель
2018
Республикадан ІІІ орын!
Мектебіміздің жас маманы, музыка пәнінің мұғалімі Мыңбосынов Мадияр Алматы қаласында студенттер арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі ІІІ орынға ие болды! Құттықтаймыз!
Мағжан оқуларынан ІІІ орын!
18
апрель
2018
Мағжан оқуларынан ІІІ орын!
Дәстүрге айналған «Мағжан оқулары» байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Талдықорған қаласының әкімдігі «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай айтулы шара ұйымдастырды. Осы аталмыш байқауда мектебіміздің 10 сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды.