Материалы за 21.04.2018 » Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
Кезекті әдістемелік күні өтті
21
апрель
2018
Кезекті әдістемелік күні өтті
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні мектебімізде кезекті әдістемелік күні өтті. Ұйымдастыру бөлімінде мектебіміздің психологы Талшын Нұрғалиева мектеп ұжымына психологиялық тренинг жүргізді. Негізгі бөлімде бастауыш сынып мұғалімдері Әсем Әбуғалиева мен Раушан Орынбекова "Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстарының жүргізілуі" тақырыбында шебер сынып өткізді. Ал орыс тілі пәнінің мұғалімі, мектебіміздің тренері Светлана Дәуренбекова сыныптарда жүргізілген "Lesson Study"-
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
21
апрель
2018
"Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы"
2018 жылдың 19 сәуір күні мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Мариам Ботаева мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Лаура Ирсимбетованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушыларына "Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы" тақырыбында іздену-зерттеу сабағы жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың Ш.Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру, дамыту. Ақын өлендерінің идеяларын ашу. рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды
21
апрель
2018
Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды
Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 20 сәуір күні мектебіміздің 9 сынып оқушыларына Кербулакский районңдағы, Алтын Емелде орналасқан Шоқан Уәлиханов мемориалды мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Школьникам тарихи тұлға Ш.Уәлиханов туралы мағлұмат беру, оқушылардың ой –өрісін, танымдық қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту.
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
21
апрель
2018
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауынан жүлде!
Қалалық "Балдәурен-2018" шығармашылық байқауында мектебіміздің 4ә сынып оқушысы Нұрдәулет Ерасыл "Дипломант" атағына ие болды. Осы жеңімпазды баптауда зор еңбегі үшін бастауыш сынып мұғалімі Дүтбаева Ләззат Телібайқызы Талдықорған қаласы әкімі Б.Қарасевтың "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!