17
ноябрь
2022
"Ұлы жолдың бастауы"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым М.Әуезовтің 125 жылдығы мен "Абай жолы" роман-эпопеясының 80 жылдығына орай "Ұлы жолдың бастауы" атты 10-11 сынып оқушылары арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде 11а сынып оқушылары І орынға, 10ә сынып оқушылары ІІ орынға және ІІІ орынға 10а сынып оқушылары ие болды. Құттықтаймыз!