03
ноябрь
2017
"Туған жер" бағдарламасы аясында
Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» салалық мақаласы аясында қолға алынған шаралардың бірі қаламыздағы М.Тынышпаев атындағы облыстық өлкетану мұражайында "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы" көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш көрмегі мектебіміздің оқушылары танымдық саяхатқа апарылды. Көрме «Жетісу жартас суреттері», «Алтын адамның құпиясы», «Пазырық кілемі», «Өрнек олжалары» мен «Ақсудың ақиығы-Бекен Нұрмұханбетов» атты бес бөлімге бөлінген. Қатысушыларға экскурсиялар жүргізілді. Оқушыларымыз алып келген көрмеге өте тәнті болып, зор әсер алып қайтты.