Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам»
03
ноябрь
2017

«Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам»

Үстіміздегі жылдың 27 қазаныңда қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде «Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында болашақта латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын бағамдату, оқып-үйренуге бағыттау. Аталмыш конференцияға облыстық Тілдерді дамыту басқармасынан - Зинагүл Қалыққызы, Талдықорған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту – Жанар Ешетайқызы, Жолдасбеков университетінің оқытушысы - Ұлбосын Базарханқызы, қалалық білім бөлімінің бас маманы -Садуақасова Мариям Құрмашқызы, «Талдықорған» газетінің тілшісі - Дана Мәкентегі, «Алатау» қоғамдық газетінің тілшісі –Еңлік Қабдеш және қала мектептерінің мұғалімдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, жоғары сынып оқушылары қатысты. Мектеп-лицей директоры Ш.М.Құдайбергенов "Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған біртіндеп латын әліпбиіне көшу – заман талабы. Себебі, латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технология мен коммуникация, білім мен ғылымның ерекшелігіне айналған. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясында, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Сондықтан біз латын әліпбиіне көшуден қорықпауымыз керек. Керісінше, жаңашылдықты жатсынбай қабылдап, қазақ елінің төл әліпбиінің жасалуына белсене ат салысу азаматтық парызымыз" деді, өз сөзінде. 11 сынып оқушысы, оқу озаты Абдыхалық Тоғжан: «Келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, латын әліпбиіне көшу – ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қазақтарының рухани тұтастығын қамтамасыз ететін бірегей қадам. Осы жолда ата-бабамыз армандаған «Мәңгілік ел» идеясының өзі ұлттық тіліміздің тұғырын бекітіп, рухани жаңғыруға жасалған нақты қадам деп түсінеміз деп, қатысушыларды осы игі қадамды қолдауға, атсалысуға шақырды. Оқушыларымыз осы шараға белсене қатысып, рухани жағынан танымдық тәрбие ала білді.
«Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам»
«Латын әліпбиіне көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам»