25
январь
2020
"Жас географ" атты зияткерлік ойын
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын іске асыру мақсатында және Ұлы Абайдың 175 жылдығы мен әйгілі ғалым, философ Әль-Фарабидің 1150 жылдығына орай 2020 жылдың 23 қаңтар күні география пәнінің мұғалімдері К.Қ.Адырбаева мен Ә.С.Диханбаеваның ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Жас географ" атты зияткерлік сайысы өткізілді. Нәтижесінде І орынға 9б сынып оқушылары, ІІ орынға 9а сынып оқушылары және ІІІ орынға 9ә сынып оқушылары ие болды. Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, патриотизмге тәрбиелеу. Ұлы тұлғаларымызды дәріптеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, география пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүгінгі заман талабына сай өзіндік ой- тұжырымы бар, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу.