08
март
2018
"Заман дерті - жемқорлық" шығарма байқауы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, "Тәрбие және білім" ішкі бағдарламасындағы, "Саналы азамат" бағыты бойынша үстіміздегі жылдың 2-6 наурыз аралығында мектебімізде "Адал ұрпақ" ерікті клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықтық сауаттылылық деңгейін арттыру, мектеп оқушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу мақсатыңда 8-10 сынып оқушылар арасында "Заман дерті - жемқорлық" тақырыбында шығарма байқауы өткізілді. Нәтижесінде 1 орынға 8ә сынып оқушысы Тлебалды Ақпейіл, 2 орынға 8а сынып оқушысы Нұрболсын Назерке және 3 орынға 8ә сынып оқушысы Әбдірәсіл Елназар ие болды. Құттықтаймыз!
