25
январь
2020
«Мен OFFLINE»
2020 жылдың 22-24 қаңтар күндері аралығында Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Осы орайда бастауыш сынып оқушылары арасында «Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?» атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, командалық есепте: 2а сыныбы «Бас жүлдеге», 1в сыныбы І орынға, 4в сыныбы ІІ орынға және ІІІ орынға 4ә сыныбы ие болды. Осы байқауда келесі оқушыларымыз үздіктер қатыран көрінді: 1в сыныбынан Сайын Ернұр, Силахаттин Мина, Асылқызы Жаннұр, Серикжанов Ансар, Ажтай Мұрат, Әлімғазы Айша, 2а сыныбынан Нұрғалым Амина, Қайрат Инаят, Бимухан Ибрахим, 4ә сыныбынан Тұрсынхан Мадияр және 4в сыныбынан Усенова Сымбат.
Ал 5-11 сынып оқушылары арасында «Мен оффлайн» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Қорытындысы алдағы күндері шығарылып, жарияланады.
Шараның негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.