Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
декабрь
2018

«Рухы биік елінің – дара перзенті»

2018 жылдың 27-30 қараша күндері аралығында мектебімізде ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге орай «Рухы биік елінің – дара перзенті» ұранымен апталық өткізілді. Апталық аясында 9-10 сыныптар арасында "Рухы биік ұландармыз!" атты әскери-патриоттық ойындар өткізілді. Нәтижесінде 1 орынға 9б сыныбы, 2 орынға 10ә сыныбы және 3 орынға 9а сыныбы иеленді. Осы жарыста 9ә сынып оқушысы Өмірбек Аружан "Үздік командир", 9а сынып оқушысы Ғазиз Диас "Үздік ОЗК киген" атағына және 10ә сынып оқушысы Сәмбетбаева Гүлім "Ең мықты қыз" атағына ие болды. Ал 9 сыныптар арасында "Елбасы - ғасыр адамы" тақырыбында интеллектуалды тапқырлар ойыны өткізілді. Нәтижесінде Жұмабай Олжас, Ыбрай Әділет және Отарбай Әсет жеңімпаз атанды. Сондай-ақ бастауыш сыныптарда "Менің тұңғыш Президентім!" тақырыбында тәлім сағаттары, 5-7 сыныптарда «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбында тәрбие сағаттары, 8-11 сыныптарда «Елорданы еңселеткен Елбасы!» семинар сағаттары өткізілді.
[center]«Рухы биік елінің – дара перзенті»
«Рухы биік елінің – дара перзенті»
«Рухы биік елінің – дара перзенті»
«Рухы биік елінің – дара перзенті»
«Рухы биік елінің – дара перзенті»
«Рухы биік елінің – дара перзенті»
https://vk.com/club89659902?z=video209935090_456239318%2F9209146d21ccdcf1eb%2Fpl_wall_-89659902