01
февраль
2018
"Қызықты физика"
Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында физика пәнінің мұғалімі Г.Исембаева 8 сыныптар арасында "Қызықты физика" тақырыбымен білімгерлер сайысын өткізді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға 8а сыныбы, ІІ орынға 8б сыныбы және ІІІ орынға 8ә сыныбы ие болды. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болсын!