04
май
2018
«Мемлекеттік рәміздер – патриоттық тәрбиенің бастауы» атты суреттер байқауы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың 4 мамыр күні мектебімізде бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Б.Т.Омаралиннің ұйымдастыруымен 2-6 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер – патриоттық тәрбиенің бастауы» атты сурет салу байқауы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнің қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу. Байқау қорытындысы бойынша 6ә сынып оқушылары Бекішова Әнел І орынға, Фазылжанова Аяулым ІІ орынға және Сарби Бақтияр ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар мектебіміздің кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік белгісі» тақырыбында кітап көрмелесі ұйымдастырылды.