Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2018

«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»

Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласындағы ауқымды идеяларын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың 6 сәуір күні Талдықорған қаласындағы "Рухани жаңғыру" орталығында «Әрбір сөзім өздеріңе аманат» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, республикалық «Дәстүр» журналының Бас редакторы, ақын Қасымхан Бегмановпен әдеби кездесу кеші өткізілді! Осы аталмыш шараға мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Раушан Құранғалиеваның жетекшілігімен 7-8 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Шара барысында «Ұмытпаңдар туған дала Дәстүрін!» тақырыбында сүйінші сұрау, тұсаукесер, қыз баланың бұрымын өріп, шашбау тағу, бата, көрімдік беру сияқты дәстүрлерімізден мағлұматтар берілді. Сонымен қатар ақынның «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оқушыларымыз ақынның өз қолынан қолтаңбасы қойылған кітаптарын алып, ерекше ықыласқа бөленді.
«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»
«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»
«Әрбір сөзім өздеріңе аманат»