03
ноябрь
2017
«Жастар және тіл: латын қарпіне көшудің тиімді жақтары туралы» дөңгелек үстел
Мектебімізде Тілдер онкүндігіне байланысты ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні тақырыбында 9-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты жоғары сынып оқушыларының үштілділікке көзқарастары мен қазақ әліпбиін латын қарпіне көшуге қатысты мәселелерден қаншалықты хабардар екенін зерделеу болды. Бұл игі шараға «Талдықорған» газетінің тілшісі Дана Макентегі қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар өз ойларын үш тілде еркін білдіріп, қазақ зиялыларының тілге қатысты айтқан пікірлері мен даналық сөздерін мысалға ала сөйледі. Дөңгелек үстелді жүргізген 11 сынып оқушылары Абдыхалық Тоғжан мен Қайратұлы Сұңғат қатысушыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарды қойып, іс-шараны қыздыра түсті. 11 сынып оқушылары Айдархан Күнсұлу, Елдос Екпін, Дүйсенбек Арапат, Қанатхан Алтынай, Амирова Камила, Нұрмұхаметова Аружан, Амангелдиева Томирис, 9 сынып оқушылары Дәрменова Азиза, Аутай Гүлназ өз ойларын орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде білдіріп, орынды пікірлер айтты. Дөңгелек үстелді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғалия Ырыскелдіқызы қорытындылады.