03
ноябрь
2017
"Жайнай бер менің қалам-Талдықорған"
Талдықорған қаласының "Қала күні" мерекесі аясында қаламыздағы тарихи және мәдениет ескерткіштер жаныңда тақырыбында жыр кеші өткізілді. Осыған орай мектебіміздің оқушыларымен әдебиетте шоқтығы биік айтыс өнерінің алып қызы Сара Тастанбекқызының ескерткіші алдында жыр кеші жүргізілді. Өнерлі оқушыларымыз домбырамен ақынның жыр-дастандарын шырқаса, Республикалық, облыстық жыр додаларында жүлделі орындарға ие болып жүрген оқушылар өздерінің жазған жүрекжарды өлендерін Талдықорғанға, Жер Жәннаты Жетісу жеріне арнап тарту етті.