Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
ноябрь
2017

«Дүниежүзілік таза қол күні» акциясы өткізілді

Мектебімізде «Дүниежүзілік таза қол күні» акциясы өткізілді. Акция барысында мектеп медбикесі А.Қайыпбайқызы және ата-аналар комитетімен бірлескен жұмыстар атқарылды. Мектеп фойесінде «Таза қол- денсаулық кепілі» атты жылжымалы стенд ұйымдастырылды. 1-4 сынып арасында «Қолыңды жуып жүр» тақырыбында диктант жазылып, талдап рефлекция жүргізілді. Мәжіліс залында 5,6 сынып оқушыларына слайдтар мен видео-роликтер көрсетіліп, ақпарат берілді. №1 қалалық балалар емханасының балалар дәрігері Ш.А. Қаспанова мектеп оқушыларына түсіндірмелі-ақпараттық әңгіме өткізді. Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған барлық сұраққа толық қанды жауап ала алды.
Бұл акцияның оқушыларды әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтандырып, алдын алу үшін маңызы зор. Акцияға барлығы 662 оқушы қатысты.
«Дүниежүзілік таза қол күні» акциясы өткізілді
«Дүниежүзілік таза қол күні» акциясы өткізілді
«Дүниежүзілік таза қол күні» акциясы өткізілді