"Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!"
2023 жылдың 26 қаңтар күні мектебімізде ""Спорт - жетістікке апарар жол" апталығы аясында 3 сыныптар арасында "Әкем, шешем және мен достасамыз спортпен!" атты эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш шараның басты мақсаты: ата-аналарды мектепке тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Жарыс өте тартысты өтті, қорытындысы бойынша І орынды 3ғ сыныбының "Жетісу" тобы - Альмахановтар отбасы жеңіп алса, ІІ орынға 3ә - "Қыран" - Берікбай отбасы