08
апрель
2023
"Экологиялық қиял-2023” атты дефиле байқауы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында мектебімізде 07.04.2023 күні эстетика пәндері бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-6 сыныптар арасында "Экологиялық қиял-2023” атты дефиле байқауы өткізілді. Аталмыш шара өте тартысты өтіп, көздің жауын алатындай қиял-ғажайып сән үлгілеріне толы болды. 5в сыныбы Алтын Адам, Томирис және Самрұқ құсы бейнесінде оза шығып, Бас жүлдені жеңіп алды. Шараға қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз.
Байқаудың негізгі идеясы оқушыларға өзіндік модельдеу, дайындау және экологиялық-ағартушылық жұмысқа қатысу арқылы қалдықтарды өзгеше түрде кәдеге жаратумен байланысты экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіс мүмкіндігін беру.