06
апрель
2023
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2023 жылдың 6 сәуір күні мектебіміздің АӘТД пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Жетісу облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.






