23
сентябрь
2025
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
2025 жылдың 23 қыркүйек күні педагогикалық ұжыммен «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында жиналыс өткізілді. Мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру. Жиналыс барысында« Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін алты құндылықтарға негізделген іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы сонымен қатар бағдарлама шеңберіндегі маңызды іс-шараның бірі – қауіпсіздік сабақтарын енгізу жайында да тоқталып өттілді. Сынып жетекшілеріне қауіпсіздік сабақтарын сапалы өткізуге ерекше назар аударуды, мектептің педагог-психологтарына зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу жұмыстарына көңіл бөліп сапалы жұмыс жүргізілуі жайлы айтып өтілді. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жайында ақпарат берілді.
