Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мектепке жол" акциясы аясында рейд жүргізілді
16
август
2018
"Мектепке жол" акциясы аясында рейд жүргізілді
2018 – 2019 оқу жылдың "Мектепке жол" Республикалық акциясы аясында 2018 жылдың 15 тамыз күні мектебіміздің мұғалімдері мен ата-ана комитеті мүшелерімен бірлесе қаламыздағы "Мерекелік" саяжайындағы Ландыш, Балықты, Центральная тб көшелеріне рейд жүргізілді. Аталған көшелерде тұратын отбасылардың тұрмсытық жағдайы назардан тыс қалмады. Көмек қажет ететін балалар анықталып, тіркеуге алынды. Көше бойларына "Мектепке жол" парақшалары ілінді.
"Балаға мейірім сыйла"
10
август
2018
"Балаға мейірім сыйла"
9 тамыз күні қаламыздағы №4 орта мектеп алаңында Республикалық «Мектепке жол» акциясының қала бойынша насихаттау жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету. Аталмыш шараға қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары С.Ш.Бақтыбаева қатысып, қала тұрғындарын акцияға белсенділікпен атсалысуға шақырды.
Шаттыққа толы "Эдельвейс" лагері
12
июль
2018
Шаттыққа толы "Эдельвейс" лагері
Ағымдағы жылдың 6 - 12 маусым аралығында жергілікті әкімшіліктің қолдауымен мектебімізден 80 оқушы Текелі қаласындағы "Эдельвейс" сауықтыру лагерінде демалып, денсаулықтарын нығайтты. Лагердің күн сайынғы тіршілігі спорттық және дамыту ойындарына, тауға жорық жасауға, флэшмоб, шығармашылық және интеллектуалды конкурстар сияқты балалардың шығармашылығы мен қабілеттерін дамытатын, дербестігін, еркіндігін оятып, ашатын, жаңа нәрсені үйреніп, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік беретін іс
«Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық тренинг
12
июль
2018
«Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 10 шілде күні мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 3 сынып оқушыларына «Үш тұғырлы тіл» саясатын іске асыру мақсатында зияткерлік-танымдық тренинг жүргізілді. Мақсаты: Мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылардың танымдық деңгейін көтеру, ой-өрісін кеңейту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың " Үш тұғырлы тіл” саясатын насихаттау.
Республикалық "Мағжан оқулары" байқауынан жүлде!
27
июнь
2018
Республикалық "Мағжан оқулары" байқауынан жүлде!
2018 жылдың 22-24 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылында Республикалық "Мағжан оқулары" байқауы өтті. Осы аталмыш байқауға мектебіміздің 11 сынып оқушысы Мейрамбек Медеу қатысып СҚО әкімінің грамотасы мен ноутбукқа ие болды. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Раушан Құрманғалиева ҚР Ғылым және білім министрі Е.Сағадиевтың алғыс хатымен марапатталды. Құттықтаймыз!
"Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"
26
июнь
2018
"Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз"
12маусым – "Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы” күрес күні. Осы­ған орай Алматы облыстық әкімдігі мен облыстық білім басқармасының ұйымдастырумен "Уайымсыз балалық шаққа жымиып қараңыз" ұранымен іс-шара жоспары құрылды. Науқанды ұйымдастырудағы мақсат бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, сонымен бірге адам саудасын, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын-алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Науқанның жаз айында
Сочиден І орын!!!
25
июнь
2018
Сочиден І орын!!!
2018 жылдың 20-26 маусым күндері Сочиде өткен ХV Халықаралық "Черноморский олимп" байқауында мектебіміздің 8 сынып оқушысы Меңіс Жұлдыз І орын дипломанты атанды! Құттықтаймыз!
«Аттандық бала шақтан болашаққа!»
18
июнь
2018
«Аттандық бала шақтан болашаққа!»
2018 жылдың 15 маусымында мектебімізде мектеп бітірушілерге мемлекеттік аттестат тапсыру рәсіміне арналған «Ел жүрегі – Астана!», «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» ұранымен «Аттандық бала шақтан болашаққа!» атты салтанатты кеші болып өтті. Кешімізге қалалық әкімшіліктен, «Нұр Отан» партиясы, Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі Талданбаева Элеонора Иманғазықызы, Талдықорған қалалық білім бөлімі орталықтандырылған бухгалтерияның бас есепшісі Серғазинова Мадлена Серікқызы қатысып,
"Үміт қанаттары" облыстық жастар форумы
17
июнь
2018
"Үміт қанаттары" облыстық жастар форумы
Қаламызда өткен "Үміт қанаттары" атты облыстық жастар форумында мектебіміздің психологы Талшын Дәулетқызы Нұрғалиева Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды! Талшын қанаттарын талмасын, тек биікке самға! Құттықтаймыз!
Мектебіміздің оқушылары қалалық өткен "Мен және қоршаған әлем" атты фото-байқауында жүлделі орындардан көрінді!
17
июнь
2018
Мектебіміздің оқушылары қалалық өткен "Мен және қоршаған әлем" атты
Мектебіміздің оқушылары қалалық өткен "Мен және қоршаған әлем" атты фото-байқауында жүлделі орындардан көрінді! 9б сынып оқушысы Берік Бекнұр "Оригинальное фото" номинациясы бойынша І орын, 6а - Жанайдар Малика - "Моя семья" - І орын, 8б - Орынтай Үміт - "Животный мир" - ІІ орын және 7ә сынып оқушысы Сатыбалды Айым "Настроение" номинациясы бойынша ІІІ орынға ие болды!