17
октябрь
2019
Республикалық ЭКО сағат
Бүгін, яғни 03.10.19 күні еліміздің барлық жерінде Республикалық "эко сағаты" акциясы басталды. Осы орайда мектебімізде барлық сыныптарда экологиялық сағат өткізілді. Сонымен қатар салтанатты жиын өтіп, мектеп ауласына 20 түп қайын ағаштары отырғызылды. Осы игі шараға каратэ-до жекпе-жегінен үш дүркін азия чемпионы, бапкер Байжанов Біржан, мектепішілік Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бибигуль Тулегенқызы және мектеп ұстаздары мен мектебіміздің мақтаныштары, облысымыздың намысын қорғап жүрген оқушыларымыз қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту. Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру болып табылады.