Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздық жолы баянды - Биғайша Серікболқызы!
21
сентябрь
2019

Ұстаздық жолы баянды - Биғайша Серікболқызы!

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні зейнеткерлік жасқа толып отырған мектебіміздің құрметті ұстазы, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қауметова Биғайша Серікболқызын мектеп ұжымы туған күнімен құттықтап, құрмет көрсетті. Шараға Талдықорған қалалық жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Қсталасова Құралай Жағыпарқызы қатысып, өз ілтипатын білдірді.
Қауметова Биғайша Серікболқызы 1960 жылы қыркүйек айының 10 жұлдызында Семей облысы, Аягөз ауданына қарасты «Қазбек» ауылында Қауметовтар отбасында дүниеге келді, отбасында 5 қыз бала. Әкесі Қауметов Серікбол, шешесі Арыққызы Ғалимат бастауыш сынып мұғалімі. 1968 жылы аталған ауыл мектебінің 1 сыныбына барып, мектепте тек «өте жақсыға» оқыды, жоғары сынып оқушысы кезіні «дружина советінің председателі» деген атпен қоғамдық жұмыстарға қатысып жүрді. 1975 жылы сегізжылдық мектепті бітіріп, емтихансыз Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогика училищесіне оқуға түсті. Әке – шешенің аманатын ақтап, мұғалімдік мамандығын таңдады. Оқу орнында комсорг деген атақпен, комсомолдар сьезіне қатысып, белсенділер қатарынан көріне білді. Үздік дипломмен бітіріп, сол жылы Семейдегі Н.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетіне түсті. Сол институтты 1986 жылы бітіріп шығып, осы жылдың жазында тұрмыс құрды. Б.Серікболқызы ұлағатты ұстаз ғана емес, сонымен қатар аяулы ана, асыл жар. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсіріп жан жары Құсайын Рамазанұлымен бақытты ғұмыр кешуде. Қызы- Айгерім осы мектебіміздің түлегі, «Болашақ» бағдарламасымен 2 жыл Солтүстік Америка, Канада мемлекетінде оқып келген. Бүгінгі таңда докторантура ғылымына кандидат, Сүлеймен Демирель атындағы университетте аға оқытушы болып қызмет етуде. Ұлы Қайсар да мектебіміздің түлегі қазіргі кезде университетте «Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алуда. Еңбек жолына тоқталсақ: Кеңес үкіметінің коммунистік партия қатарында болды. 1986 жылдары Аягөз аудандық комитетінде ІІІ хатшы болып қызмет етті. 1992 жылдың тамыз айында қазіргі № 17 мектептен қаладағы тұңғыш ашылып отырған №18 қазақ орта мектебіңе ауысты. Мектеп директоры К.Н. Шамшиддинова жұмысқа қабылдайды. Сол жылдан бері қарай мектебімізде 27 жыл бойы аянбай еңбек етуде. Осы жылдар ішінде көптеген марапаттарға ие болған ұлағатты ұстаз. Атап айтсақ: 1995 жылы республикалық семинарда ашық сабақ көрсетіп, министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1998 жылы мектеп директорының орынбасарына ұсынылады. Осы 21 жыл ішінде мектебіміздің абыройын көтеріп, шәкірттері республикалық, облыстық, қалалық байқаулар, «Дарын», «КҒА», «Зерде» интеллектуалды байқаулардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын шығаруда. Мұғалімдердің аттестациядан өтуі және әрбір мұғалім жетістігін көрсететін байқауларда қалалық, облыстық, республикалық деңгейлерде Б.Серікболқызының орасан еңбегінің арқасында биіктерден көрінуде.
Ұстаздық жолы баянды - Биғайша Серікболқызы!
Ұстаздық жолы баянды - Биғайша Серікболқызы!