17
октябрь
2019
"Бабаларға құрмет - бағалы тағылым"
"Бабалардың ерлігі - тәуелсіздіктің тірегі" ұранымен Балпық Би бабаның 325 жылдығына орай ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні мектебімізде жас маман, тарих пәнінің мұғалімі Әсель Абдрахманованың ұйымдастыруымен 9 сыныптар арасында "Бабаларға құрмет - бағалы тағылым" атты танымдық сағат өткізілді. Мақсаты: Бабалардың ерлігін, аманаттап кеткен өсиет сөздерін жас ұрпаққа насихаттау. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Оқушылар Балпық би бабамыздың нақыл сөздері мен өлең жырларын жатқа айтып, би өмірінен шағын көрініс қойды.