Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
15
март
2022
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 14 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде мектептің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа қалалық Полиция Департаменті қызметкерлері полиция аға лейтенанты Ракымбеков Ринат Тұрданғазыұлы, мектеп инспекторы, полиция лейтенанты Тұрсынова Дана, қалалық білім бөлімі қызметкері Гүлмира Әділбекқызы және мектеп директоры Шалқар Мелісұлы қатысты. Аталмыш жиналыста "ҚР
Жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері
15
март
2022
Жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері
2022 жылдың 14 наурыз күні "Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі" мемлекеттік-коммуналдық мекемесінде мектеп директоры Ш.М.Құдайбергенов 10-11 сынып оқушыларына жиналыс ашты. Аталмыш шара ашық алаң түрінде өткізілді. Шара барысында қазіргі жастардың тәрбиесі мен жағымсыз әрекеттері туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
"Қолөнер галереясы" ашылды
14
март
2022
"Қолөнер галереясы" ашылды
"Балалар жылы" аясында Наурыз мерекесі қарсанында 2022 жылдың 11 наурыз күні мектебімізде "Наурызға тарту" ұранымен "Қолөнер галереясы" ашылды. Мақсаты: Ұлтымыздың қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу. View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
14
март
2022
Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат
2022 жылдың 11 наурыз күні мектебіміздің АӘДТ пәнінің оқытушысы Б.Мустафинов 10 сынып оқушыларына қаламыздағы Алматы облыстық Полиция департаменті мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырды. Аталмыш мұражайда Жетісу жерінде алғаш құрылған милиция сарбаздарының арнайы пішінді киімі мен сол кезде қолданған қару-жарағы, сонымен бірге, қызметтік міндетін орындау кезінде ерлік көрсеткендердің өмірі мен қызметін баяндайтын деректер оқушылардың қызығушылықтарын оятты.
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
14
март
2022
"Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді
2022 жылдың 11 наурыз күні мектепішілік "Жыл мұғалімі-2022" байқауы өткізілді. Сайыстың мақсаты — талантты мұғалімдерді анықтау, білім берудің жаңашылдық педагогикалық тәжірибесін насихаттау, педагогтардың шығармашылық өсуін қолдау, мұғалімнің жеке басының дамуын ынталандыру. Байқау бес кезеңнен тұрды: 1 кезең, шығармашылық таныстырылым - "Мен 21 ғасыр мұғалімімін", 2 кезең, сұрақ-жауап "Ой-көкпар", 3 кезең, бейнеролик түсіру "Өз-өзіне режиссер", 4 кезең - Импровизациялық тапсырма "Тәрбие деген
"Жылдам сурет"
11
март
2022
"Жылдам сурет"
Мектебімізде Эстетика пәндерінің апталығы жоспарына сай "Жылдам сурет" тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Сурет салу барысында жас суретшілеріміз түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, көрермендердің зор ықыласына бөлене білді. Видео астында View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)
"Діни экстремизм мен терроризм қаупі"
10
март
2022
"Діни экстремизм мен терроризм қаупі"
2022 жылдың 10 нурыз күні "Жас Ұлан" БЖ ұйымының ұйымдастыруымен "Жастар ресурстық орталығының" теолог маманы Сайлаубай Наурыз Саматұлы "Діни экстремизм мен терроризм қаупі" тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді. Аталмыш шара оқушылар мен маман арасында диалог түрінде өтті. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Қазіргі таңда қоғамда белең алып бара жатқан діни ахуалдар төңірегінде және дәстүрлі емес діни
"Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді
10
март
2022
"Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді
2022 жылдың 9 наурыз күні "Шеберлік пен әсемділік, қабілет пен икемділік үйлесімділігі нағыз адам болудың басты шарты" атты эстетика пәндері бірлестігінің апталығы басталды. Апталықтың ашылуында мұғалімдер арасында "Маска" шоу-бағдарламасы өткізілді. Музыкалық жобаға барлығы 9 үміткер қатысып, бақ сынасты. Әр өнерпаз арнайы костюмдер мен маскаларда өнер көрсетті. Нәтижесінде шоу ережесіне сай құпиясы ашылмаған өнерпаздар жеңіс тұғырынан көріне білді. І орынға "Аю-Тедди" костюмінде болған
"Өзін-өзі басқару күнің" ұйымдастырды
08
март
2022
"Өзін-өзі басқару күнің" ұйымдастырды
Мектебіміздің "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері, 10 сыныптың оқушылары 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 05.03.22 күні "Өзін-өзі басқару күнің" ұйымдастырды. Мақсаты: Жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, дербестікке, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұғалім мамандығын насихаттау. Көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру. View this post on Instagram A post shared by Бактыбай Жолбарысулы Мектебі (@mektep18.taldykorgan)