Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
апрель
2022

«Қазақстан – достықтың бесігі»

2022 жылдың 25 - 30 сәуір күндері аралығында мектебімізде 1 мамыр - Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған апталық өткізілді. Апталық аясында 1-4 сыныптарда «Қазақстан – достықтың бесігі» атты және 5-7 сыныптарда «Бейбітшілік – ел тілегі» атты тәрбие сағаттары өткізілді, 8-9 сыныптарда «Көршілестерім - рухани еншілестерім» атты пікірталас ойындары өткізілді. 10-11 сынып оқушылары «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -тақырыбында эссе жазды. Сонымен қатар «Бірлігіміз жарасқан!» видео челенджі мен «Достығымыз жарасқан» сурет салу эстафетасы жүргізілді. Тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың туған күніне орай 8 – 11 сыныптар арасында баскетболдан мектепішілік турнир өткізіліп, жеңімпаздары марапатталды.