16
май
2022
Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өткізілді
2022 жылдың 14 мамыр күні Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде мектеп ұжымының ұйымдастыруымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, әріптесіміз Әділғазы Өкенұлын еске алуға арналған волейболдан қалалық турнир өткізілді. Аталмыш додаға 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде І орынға №15 мектептің командасы, ІІ орынға №11 мектептің командасы және ІІІ орынға №19 мектеп пен №8 мектеп командалары ие болды. Барлық финалға шыққан командалар Кубокпен, грамоталармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар үздік ойын көрсеткен 5 мұғалім номинациялық жүлдемен марапатталды, олар: Сулейменова Толғанай (№19 мек), Ерқасым Али (№11 мек), Базарбек Жасдәулет (№8 мек), Шаймерденов Елдос (№15 мек) және Абдибаев Еркебұлан (№19 мектеп). Сондай-ақ марқұмның рухына арналған ас нәзірі берілді. Осы турнир мен ас беруде өзіндік үлестерін қосқан әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз.












